Dihankol

ДИХАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САЙТЫ


Тұлғалар -> Тойчиев Тасболат Тойшыұлы


Тойчиев Тасболат Тойшыұлы




Тойчиев Тасболат Тойшыұлы

Тойчиев Тасболат Тойшыұлы 1936 Диһанкөл ауылында дүниеге келген.


Ол кісінің балалық шағы ұлы отан соғысымен тұспа-тұс келді. Сол жылдары ел көрген қиындықтарды бала болса да елмен бірге көрді. Алайда дана анасының сүтімен дарыған қасиет оны ерте есейтті...



Тасболат көкеміз ауылдағы қыз-ұлдарына алды болып, өз үйіне ғана емес барша ауылға да, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білген боз бала еді. Анасы Әтен апа колхоз бастығы, кейін Калинин ауылдық кеңесінің төрағасы болып ұлының санасына ұлттық тәрбиені, ұлағаттық кеңесін қазақ еліне дегеен сүйіспеншілігін бойына сіңіре білді.

Аылды да алғыр бала 1950 жылы ауылдық 7 жылдық үздік бітіріп, Қасқасудағы мектепті 1953 жылы алтын жүлдемен бітіреді.



1954-1955 жылдары ұшқыр ойлы дарынды жас талант Диһанкөл ауылындағы мектебінде мұғалім болып істейді.

1956 жылы Шымкенттегі химия технология институтына оқуға түсіп 1961 жылы үздік бітіреді. 

1961 жылдан бастап 1992 жылға дейін инженер құрылысшы мамандығымен еліміздің бірқатар облыстарында шебер құрылысшыдан бастап, үлкен лауазымдарға көтеріліп мемлекеттің ілтипатына бөленеді. Өнертапқыш ретінде бірнеше жаңалықтарды өндіріске еңгізіп 19982 жылы үкіметтің назарына ілігіп профессор атанады.



Қазақ ССР еңбек сіңірген құрылысшы, Құрмет Белгісі, Қызыл ту ордендерін, ерен ерлігі үшін, Еңбек ардагері, ҚСРО Азаматтық қорғаныс ісінің үздігі медальдарымен марапатталған, ҚазССР құрмет грамотасымен, бірнеше мәрте социалистік жарыстың жеңімпазы, бесжылдық екпіндісі болған. Назарбаевтың жарлығымен еңбек сіңірген құрылысшы атанды, Байқоңырдың құрметті құрылысшысы боп атанды.



1976-1980 жылдары өзінің жеке мүмкіншілдіктерін пайдаланып аулға таза бұлақ ауыз суын құбырмен алып келеді. Сол жобаның ерекшелігі ешбір электр қуатын пайдаланбай өз екпінімен жоғарғы қысымменен ауылға әрбір үйге су келеді. Елдің ден сауылығын жақсартқанға себеп болған үлкен іс болды, себебі лас арық суын пайдаланған кездер де болған ал алыстан таза суды дорбамен, болмаса ыдыстармен,  арқалап алып келу мүмкін емес болатын! Ел гүлдене бастады. Қазір де әрбір үй көп мал ұстаса да болады, сол мәселе елдің әлеуметтік жақсы жағдайына себепші болып осы күнге дейін ел риза.



Алланың ісіне амал жоқ... 57 жасында 1992 жылы Мамыр айының 2 жұлдызында күндіз Алматыда жұмысына бара жатқан жерінде көлікте жүрегі инфаркт болып ағамыз дүние салады. Артында Нұржан деген жалғыз ұлы және Әлия деген қызы қалады, ал жұбайы Дүйсебаева Әуес 1996 жылы 16 қыркүйекте бақилық болады.

Имандары алдынан жарылқасын! Әмин!

Диһанкөл ауылында жерге қойылған.





Диханкөл ауылының қоғамдық бейресми сайты © 2018 - Автор: Нұржан Тойшы / Nurzhan Toishy