Сарымбетов Қасымбек Әбдіхалықұлы
Қазақтың дархан даласында, дарынды перзенттер легі аз болмаған. Қазақтың жаны мен даласы күй мен әнге бай. Күмбірлетіп қара ішекті қағып ұрар, хас таланттар, біртуар тұлғалар мен бір рет қана өмірге келер күйшілер өткені тарихымыздан белгілі. Осындай хас дарындардың, хас асылдардың сынығы, сегіз қырлы бір сырлы шығармашылық иесі – Қазақстан Республикасының күйшілер одағының мүшесі Қасымбек Әбдіхалықұлы Сарымбетов.