Dihankol

ДИХАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САЙТЫ


Тұлғалар -> Садықов Айтмахан


Садықов Айтмахан




Садықов Айтмахан 1922 жылы қыркүйек  айының жиырма төртінші жұлдызында Шымкент облысы, Ленгір ауданы, Диханкөл ауылында  дүниеге келген. Жастайынан жетім қалып,жетімдер үйінде тәрбиеленген. 1941 жылы Георгивка селосындағы «Қазақстанның 10 жылдығы» атындағы орта мектепті ойдағыдай бітірген.



1943 жылдң маусым айынан КПСС мүшесі.

1949-1951 жж аралығында Мәскеудегі ССРО ауыл шаруашылық министрлігі жанындағы бүкілодақтық сырттан оқу курсын тамамдап,бухгалтерлік мамандық алды.

11.1941-07.1942 жылдар аралығында Жамбыл қаласындағы 105-атты әскер полкында бөлімше командирі міндетін абыроймен атқарды.

07.1942-03.1945 жылдар аралығында 3-ші Украина майданындағы 374-ші артиллериялық полкінің байланыс бөлімшесінің командирі болды.

03.1945-07.1945 жж.аралығында әскери артиллериялық училищеде оқыған.

08.1945-11.1945жж. Румыния жерінде байланыс ротасында қызмет етеді.

07.1944-11.1945 жж.неміс басқыншыларына қарсы соғыс кезінде Болгария,Румыния,Югославия,Австрия жерлерін азат етуге қатысқан.

Ұлы Отан сағысы жылдары аралығында көрсеткен ерліктері үшін «Даңқ» орденімен қоса «За отвагу» «За освобождение столицы Югославии», «За победу над Германией» медальдарымен марапатталды.Ұлы Отан соғысынан екйінгі бейбіт кезеңде,02.1946-04.1946 жж аралығында «Диханкөл» колхозында порторог қызметін атқарған.

04.1946-10.1950 жж. Аралығында осы колхозда партком қызметіе қоса аға есепші жұмысын атқарды.

Соғыстан кейінгі колхоз шаруашылығының  экономикасын көтеруге аянбай еңбек етті.Халықты бейбіт өмірге жұмылдыруда ,үлкен ұйымдастырушылық қабілеті көріне бастады.

10.1950-02.1953 жж. ірілендірген «Калинин» атындағы колхозда партком хатшысы әрі бас бухгалтер қызметін қоса атқарды.

02.1953-08.1975 жж. аралығында «Калинин» атындағы басқарма төрағасы қызметін атқарған.

Осы мерзім аралығында Садықов Айтмахан табиғаттың берген талап қоя білу,берілген тапсырмалардың орындалу кезінде тундайтын қиындықтарды жеңе білу жолдарын аянбай зерделеді. Төгілген тердің және жанқиярлық еңбектің арқасында «Калинин» атындағы колхоз үлкен жетістіктерге жетіп аудан және облыс мақтанышына айналды.

1965ж. мемлекетке астық сату және мал азығын дайындаудағы көрсеткіші бойынша Райком партия бюросының және аудандық атқару комитетінің шешімімен «Құрмет  тақтасына» ілінді.

1967ж. осындай көрсеткіштері бойынша обылыстық « Құрмет тақтасына» жазылды.


Садықов Айтмахан колхозшылардың мәдениеті мен оқушылардың білімін көтеруге аянбай еңбек етті.

1967 ж.Қасқасу елді мекенінде колхоз орталығында заман талабына сай мәдениет үйі салынды.Сол жылдары үш қабатты жаңа типтегі орта мектеп салынып,жаңа оқу жылында іске қосылды.


Осы құрылыстар біте салысымен колхоз басқармасының кеңсе үйі іске қосылды.Бүгінгі таңда бұл ғимарат ауыл округтің ауруханасы болып қызметін жалғастыруда.Осы  кезең аралығында колхоз бөлімшелерін қосатын асфальт жол төселініп пайдаға берілді.Көрсетілген жұмыстардың нәтижесінде басқарма бастығы Садықоа А. мына төмендегідей наградаға ұсынылды.

Соның ішінде:

1 «.Ленин» ордені    1967 жыл.

2. «Еңбек Қызыл ту» ордені    1972 жыл.

3. «Даңқ» ордені 

4. Медаль за трудавую доблесь.

5.Орден за доблестный труд вознаименование 100-летия со дня рождения В.И.Ленина.    1970 жыл

6.ҚазССР   Жоғарғы Кеңесінің және Шымкент обл.атқар.комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

7.1960 ж.КССРО мәдениет министірінің Алғыс хатымен марапатталды.

1954-1975 жж. аралығында Шымкент обл.пария конференцияларына делегат болып сайланды .

1969 ж.облыстық партия коференциясында обком бюро мүшесі болып сайланды.

1969 ж.Қазақстан колхозшыларының ІІІ-съездіне делегат болып сайланды.

Сол съезде колхозшылардың Республикалық кеңесінің мүшесіне тағайындалды.

1973 ж. колхозшылардың республикалық кеңесі приздиумының мүшесі болып сайланды.

1975 ж.Ұлы  Отан соғысы кезінде алған жарақаттары сыр бере бастаған соң және де денсаулығының төмендеуіне байланысты өз өтінішімен колхоз басқарма бастығынан босатылды.

ІІ топтағы мүгедектік тағайындалып Республикалық деңгейдегі арнайы зейнетақы берілді.Зейнетке шыққаннан кейін де үйде бос тоырмастан өмірінің соңына дейін колхоздың рев.комиссиясын және кадрлар бөлімін басқарды.

Садықов Айтмахан колхозшылардың жағдайын қалай жақсартамын деп, аянбай еңбек етті.Қартайған қариялар мен кішкене бүлдіршіндерге дейін халықтың үлкен сеніміне ие болды.Зайыбы Сахаева Мамыркүлмен бір ұл,бір қыз тәрбиеледі.

Ұлы Отан соғысының ардагері,еңбек және қоғам қайраткері Садықов Айтмахан 1982 –жылы 28 шілдеде өмірден озды






Диханкөл ауылының қоғамдық бейресми сайты © 2018 - Автор: Нұржан Тойшы / Nurzhan Toishy