Dihankol

ДИХАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САЙТЫ


Тұлғалар -> Қарабеков Зауытбек Қарабекұлы


Қарабеков Зауытбек Қарабекұлы




1941ж. қазіргі Төлеби ауданы, Диханкөл ауылында дүниеге келген. Әкесі Қожагелдиев Қарабек 1942 жылы әскерге алынып, сол жылдың 17-ші желтоқсанында Смоленск облысы, Сычев ауданы Арестово деревнясында ерлікпен қаза тапқан.

          1949 жылы Диханкөл 7жылдық мектебінің бірінші сыныбына барып, оны 1956 жылы өте жақсы деген бағамен бітірді. Сол жылы, яғни 1956 жылы Леңгір қаласындағы №2 қазақ орта мектебінде оқуын жалғастырып 1959 жылы ойдағыдай бағамен бітірді. Өндірісте бір жыл істеп 1960 жылы Шымкент қаласындағы Қазақ химия-технологиялық институтының механика факультетіне оқуға түсті. 1965 жылы инженер-механик мамандығын алып, сол оқу орнында "Материалдар кедергісі" (Сопромат) кафедрасында оқытушылыққа қалдырылды.

Техникалық оқу орнында, халықтар арасында мынандай аңызға айналған ұғым бар екен "Сызба геометриясын тапсырсаң студент атаңғаның, ал материалдар кедергісін тапсырсаң үйленуге болады, яғни институтты бітіресің" деген сөз екен, яғни бұл пәндердің өте қиындықпен еңсерілетіне байланысты айтылса керек. Оқытушылық жұмысты ғылыми зерттеу жұмысымен үйлестіре отырып Қарағанды қаласында шығарылатын болаттың, айнымалы кернеуге шыдамдылығы тақырыбында диссертация қорғап, Ғылым кандидаты атанды. Осы салада тапжылмай 49жыл еңбек етіп, қазір құрметті демалыста. Өзі тәрбиелеген шәкірттерімен мақтаныш сезімін жасыра алмай, қаншама инженерлерге, ғылым кандидаттарына, ғылым докторларына сабақ бергенін солардың ішінде қоғам қайраткерлері Амалбек Тшанов, генерал Жеңісбай Султанов және т.б. көптеген шәкірттерімен мақтан тұтады. Отбасында 2 ұл, 3 қыз тәрбиелеп құтты орындарына қондырып, солардың қызығын көріп отыр.





Диханкөл ауылының қоғамдық бейресми сайты © 2018 - Автор: Нұржан Тойшы / Nurzhan Toishy