Dihankol

ДИХАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САЙТЫ


Тұлғалар -> Рыспаев Абылай Еркінбекұлы


Рыспаев Абылай Еркінбекұлы




Рыспаев Аблай Еркінбекұлы 1968 жылы, 28 маусымда Төлеби ауданы, Диханкөл ауылында дүниеге келген. Осы ауылдағы орта мектепті бітірген. 1986-1988 жылдары Германияда совет армиясында азаматтық борышын абыроймен атқарып Елге келеді. Ресейде Екатеринбург қаласында Ресей ішкі істер министрлігінің жоғарғы мектебін 1995 жылы бітіреді.

Осы жоғарғы білімді ала жүріп, шығыс жекпе-жек «каратэ до» түрінен үшінші дәрежелі қара белбеу иегері атанды.     Ресей ІІМ ОМОН тобына аға жаттықтырушы қызметін қоса атқарған.

1996 жылы Америкадағы Атланта қаласында дүние жүзілік полиция арасында шығыс жекпе-жегінен бірінші орын және Ресейде осы спорт түрінен чемпион атағын алған.

1997-1998 жж Қазақстан Республикасы Тергеу комитетінде аға жедел уәкілі болып 1998 жылдан бері ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде жоғарғы рауазымдарында  қызмет етеді, шені полковник.

2012-2013 жж Республикалық гвардия әскери полк командирі. 2013 жылы ҚР президенті жарлығымен республикалық гвардия қолбасшының бірінші орынбасары қызметін атқарған.

Жоғарғы мемлекеттік жүлделер, алғыс хаттар, мемлекеттік сый ақылар және екінші дәрежелі «Данқ»  орденімен марапатталған.

Туған жері  Диханкөл ауылындағы орталық мешітті інісі Өсерханмен күрделі жөндеуден өткізіп, жаңа заманға сай етіп, еліне сыйға тартты.

Қазақ елінің бір туар азаматтарының бірі, өте бауырмашыл елдегі жастардың  өсуіне ықпалын тигізіп жүрген азамат.




Диханкөл ауылының қоғамдық бейресми сайты © 2018 - Автор: Нұржан Тойшы / Nurzhan Toishy