Dihankol

ДИХАНКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ БЕЙРЕСМИ САЙТЫ


Тұлғалар -> Әтен апа


Әтен апа




Әтен апа бұрынғы Қаратас ауылында, Сырдария губерниясында, Шымкент уезінде, Болшевик колхозы, Георгиев ауданы,  Оңтүстік Қазақстан облысында 1898 дүниеге келген.


Шешесі 11жасында,әкесі 14 жасында болғанда қайтыс болды. Жақын туысқандарынан ешкімі болмады. Руы Қоралас.


Өзі 1926 жылдан 1929 жылға дейін Диханкөл орталығында жұмыс жасады.


1929 жылдан 1934 жылға дейін Ташкент қаласында номері 2 Кән зауытында істеді.


1934 жылдан бастап Диханкөл, бұрыңғы Клинин атындағы колхозында, мүше болып істеді.


1937-1938 жылға дейін комбайнёр болып істеді.


1938жылдан бастап 1939жылға дейін Диханкөл колхозының төрағасы болып сайланған.


1940жылға дейін сол жерде жұмыс жасаған.


1946 жылдан 1948 жылға дейін осы колхозда ферма меңгерушісі болып жұмыс жасаған.


1948жылдан бастап 1950жылға дейін Керегетас колхозында төраға болып жұмыс жасаған.


1950жылдан бастап 1951жылға дейін Калинин атындағы колхозында жылқы фермасында жұмыс жасады.


1951жылдан бастап Көксәйек ауыл кеңесінің төрағасы болып жұмыс жасады.


1941жылдың Мамыр айынан бастап Калинин колхозының ленум мүшесі болған.


1945жылы Еңбек Ерлігі үшін медаль мен марапатталған.


Қазақ ССР Жоғарғы Советінің граматосымен марапатталған.


Германияны жеңгені үшін медаль мен марапатталған.


1942 жылы Коммунистік Партия мүшесі болған.


1943 жылдан  Аудандық Комитеттің пленум мүшесі болған. Райондық Кеңесінің депутаттық сайлауына екі рет сайланған. Ауыл кеңесінің депутаты болып сайланған.


1955 жылы зейнетақыға шықты.


1971жылы дүниеден өтті. Диһанкөл ауылында жерленген.


Бөлек айтылатын нәрсе 1944 жылдары қуғынға ұшыраған шешен бір топ елі ауылдың қасына келгенде соларды аман алып қалған адам. Ол кезде Успеновка деп аталған ауылға жинап оларды тамақ және тұратын үйлермен қамтамасыз еткен адам. Сол көмек шешен бауырларымыздың есінде әлі. Дүниеден өткен Әтен апаның қолынан көмек көрген сол елдің үлкендері Әтен апа ол анамыз дейтін.





Аты шыққан, елге қызмет еткен  ұлы Тойчиев Тасболат:




Жұбайы Тойшы Ата, Тойчиев Тасболаттың әкесі








Диханкөл ауылының қоғамдық бейресми сайты © 2018 - Автор: Нұржан Тойшы / Nurzhan Toishy